Accessibility links

"Рысқалиев тобы" ісі бойынша үкім кейінге шегерілді


Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев.

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев.

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрды делінген «қылмыстық топ» бойынша сот үкімін жариялау мерзімі кейінге, шамамен қарашаның 14-іне шегерілді деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, үкімнің кейінге шегерілуіне «талданатын сот материалдарының көптігі» себеп болған. Бұған дейін үкім қарашаның 10-ында оқылады деп хабарланған.

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтардың 23-і күні қарауды бастаған «Рысқалиев тобына» қатысты іс бойынша 22 адамға айып тағылған.

Бұған дейін Қазақстан қаржы полициясы «Рысқалиев пен ол ұйымдастырған топ өкілдері жасаған ауыр және аса ауыр коррупциялық, экономикалық қылмыстардан мемлекетке 71 миллиард теңгеден астам зардап келгенін» хабарлаған еді.

Қаржы полициясы қылмыстық топ мүшелері ретінде айып тағылған 22 адамға қатысты қылмыстық іс бір бөлек, Бергей Рысқалиев пен оның інісі Аманжан Рысқали және олардың тағы 9 серігіне қатысты қылмыстық іс жеке қаралады деп мәлімдеген.

Ағайынды Рысқалиевтерге қатысты соттың қашан өтетіні әлі белгісіз.

XS
SM
MD
LG