Accessibility links

Штайнмайер: Ресей Минск келісіміне бағынуы тиіс


Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер (сол жақта) Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп отыр. Астана, 10 қараша 2014 жыл.
Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер (сол жақта) Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп отыр. Астана, 10 қараша 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесіп, екі жақты байланыс және халықаралық өзекті мәселелерді талқылаған.

Кездесуден соң өткізген баспасөз мәслихатында Штайнмайер Украинаның шығысындағы ахуал шиеленісіп бара жатқанын айта келе, «барлық тараптар, оның ішінде Ресей қыркүйектің 5-інде Минскіде жасалған келісімнің талаптарын орындауы тиіс» деп мәлімдеген.

ЕҚЫҰ-ның Украинаның шығысындағы миссиясы өткен аптаның соңында ресейшіл сепаратистердің бақылауындағы Донецк қаласы мен Макеевка елдімекені маңында айырым белгісі жоқ сарбаздар мен әскери техникалардың батыс бағытқа қарай жылжып бара жатқанын хабарлаған. Қарашаның 9-ы күні Еуропа Одағы мен АҚШ бұл ақпаратқа қатысты алаңдаушылық білдірген.

«Өкінішке қарай, жағдай қайтадан күрделеніп тұр. Меніңше, біз бұл қақтығысқа қатысы барларды, оның ішінде Ресейді Минск келісімінің талаптарын орындауға шақыруымыз керек» деген Штайнмайер.

XS
SM
MD
LG