Accessibility links

Талғат Бигелдинов қайтыс болды


Ардагер ұшқыш Талғат Бигелдинов.
Ардагер ұшқыш Талғат Бигелдинов.

Қарашаның 10-ы күні күндіз 93 жасына қараған шағында атақты ұшқыш, Екінші дүниежүзілік соғысында екі мәрте Совет одағының батыры атағын алған Талғат Бигелдинов өмірден озды. Бұл туралы Азаттыққа Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әзірге жерлеу рәсімінің қашан қай жерде болатыны белгісіз.

Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда дүниеге келген. 1940-42 жылдары аралығында Орынбор әскери авиация мектебін тәмәмдаған. Ізінше 1943 жылдан бастап соғысқа аттанады.

1944 жылы қазан айында Знаменка және Кировоград қаласын азат ету ісінде ерлік көрсеткені үшін және қарсы тараптың төрт ұшағын атып түсіргені үшін оған Совет одағының батыры атағы берілді. Бұл уақытқа дейін ол шамамен 200 әуе соғысына қатысып үлгерген болатын. Бигелдинов сонымен бірге Берлин үшін шайқаста қатысып ерліктерімен танылған. Сол үшін 27 маусымда 1945 жылы екінші рет Совет одағының батыры атағы берілді.

Талғат Бигелдинов - екі мәрте Совет одағының батыры атанған төрт қазақстандықтың бірі.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG