Accessibility links

Зүлфия Чиншанло - әлемнің үш дүркін чемпионы


Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло 27-жазғы Азия ойындарында. Инчхон, Оңтүстік Корея. 21 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло 27-жазғы Азия ойындарында. Инчхон, Оңтүстік Корея. 21 қыркүйек 2014 жыл.

Алматыда ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін қазақстандық Зүлфия Чиншанло 98 килограмды жұлқа көтеріп, серпе көтеру сынында алдымен 127 килограмды, одан кейін 133 және 134 килограмды басынан асыра ұстады. Серпе көтеруден әлем рекордын жаңартқан Чиншанло үшінші рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Қоссайыс бойынша ол 236 килограмм салмақты көтерді.

Күміс жүлдені тайпейлік Сюй Шуцзин иеленді, оның көрсеткіші - 218 килограмм (99+119). Әлемдік турнирдің қола медалін 214 килограмды көтерген қытайлық Ли Жансун алды.

Зүлфия Чиншанло биыл Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен 27-жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленген еді.

Ол бұған дейін 2009 және 2011 жылдары әлем чемпионаттарында, 2012 жылы – Лондон олимпиадасында жеңімпаз атанған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG