Accessibility links

Өскемендегі түзеу колониясына әскер кіргізілген


Қазақстандағы түзеу колонияларының бірі. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы түзеу колонияларының бірі. (Көрнекі сурет)

Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ 156/3 түзеу колониясына қарашаның 10-ы күні әскер кіргізілгені туралы ақпаратты Азаттыққа бүгін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің капитаны Қайрат Нурсалинов растады.

«Кеше колонияда тінту жұмыстары жүргізілді, жалғыз бізде ғана емес, республика бойынша өтіп жатыр. Бірнеше ұялы телефон мен өткір заттар алынды. Денесін жарақаттағандар болған жоқ» деді ол.

Колония бастығының орынбасары Боранбек Кокиновте дүйсенбі күні тінту болғанын, қазір «бәрі тыныш» екенін айтты.

Жергілікті yk-news.kz ақпараттық сайтының хабарлауынша, дүйсенбі күні кешке түзеу мекемесіне әскер кіргізілгені туралы хабарды естіп, облыс әкімдігіне барған сотталғандардың туыстары облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омаров, облыс прокурорының орынбасары Василий Олейник және Өскемен қаласының прокуроры Ерсін Шыныбаев кездескен. Прокурорлар сотталғандардың туыстарына әскердің «тыйым салынған заттарды іздеу үшін ғана кіргізілгенін» айтқан. Олейник колонияға әскер кіргізілуіне «наразылық танытып, денесін жарақаттаған екі тұтқынды» жедел жәрдем әкеткенін хабарлаған деп жазады сайт.

XS
SM
MD
LG