Accessibility links

Астанада наразы әйелдерді балаларымен полиция ұстап әкетті


Астанада сот шешімімен алынатын ескі жатақханадағы пәтерлерінің орнына пәтер беруді талап еткен әйелдер мен балаларды полиция ұстап әкетті. Астана.11 қараша 2014 жыл.
Астанада сот шешімімен алынатын ескі жатақханадағы пәтерлерінің орнына пәтер беруді талап еткен әйелдер мен балаларды полиция ұстап әкетті. Астана.11 қараша 2014 жыл.

"Бүгін Астанада полиция сүрілетін жатақханадағы баспаналарының орнына пәтер беруді талап етіп, акцияға шыққан бірнеше тұрғынды ұстап әкетті" деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, әйелдердің қолдарында "Жақсыбеков, жылатпа!" деген жазуы бар плакат болған. Ал балалар мойындарына "Бізді үйімізден шығарып көріңіздер", "Пәтер беруді талап етеміз" деген жазулары бар ақ қағаз іліп шыққан. Полиция оларды әкімдік алдына келген беттен бірден арнайы автобусқа күштеп отырғызып, алып кетті.

Олар ескі жатақханадағы бөлмелерде тұрып келген. 2012 жылы Сарыарқа аудандық соты оларды баспаналарынан шығару туралы сырттай үкім еткен. Тұрғындар жатақханадағы бөлмелерінің өтеміне берілген ақша баспана алуға жетпейтінін айтып, әкімдіктен пәтер беруді талап еттеді.

XS
SM
MD
LG