Accessibility links

Астанада Мұрат Оспановтың соты басталды


Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов.

Бүгін Астанада табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы, коррупцияға қатысты айыпталған Мұрат Оспановтың ісі бойынша сот басталды. Сот тыңдауында журналистерге фото және видео түсіруге тыйым салынды. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, мұндай шешімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Оспановтың адвокатының өтініші бойынша шығарған.

Қаржы полициясы Мұрат Оспановты «табиғи монополиялар субъектісіне болысқаны және оларды қорғағаны үшін 200 мың доллар пара алды» деген күдікпен шілденің 1-і күні тұтқындаған еді.

Кейінірек тергеу «шенеунік параның тағы бір бөлігін - 100 мың АҚШ долларын бұрынырақта алып қойған» деген ақпарат таратты. Тергеушілердің айтуынша, параның жалпы сомасы 300 мың долларға жеткен.

Мұрат Оспанов агенттік басшысы қызметін екі жыл атқарған.

XS
SM
MD
LG