Accessibility links

Назарбаев: Ұлттық қор бюджетке қаржы аударсын


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 10 қараша 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 10 қараша 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға арнаған жолдауында үкіметке 2015-2017 жылдардағы республика бюджетіне ұлттық қордан жыл сайын 3 миллиард АҚШ долларын (шамамен 540 миллиард теңге) аударып отыруды тапсырды.

Қазақстанның "Нұрлы жол" деп аталатын жаңа экономикалық саясатын жариялаған Нұрсұлтан Назарбаев: "Ұлттық қордың резервтерін пайдаланатын сәт туды. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамауы тиіс. Жиналған қаржы елдің әл-ауқатын жақсартуға жұмсалуы тиіс" деді.

Президент үкіметке ұлттық қордан қаржы бөлу туралы тиісті шешімді даярлауға және 2015 жылдың бюджетіне қажетті қаржыны анықтауға бір апта уақыт берді.

Президент Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын бүгін "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жариялаған.

XS
SM
MD
LG