Accessibility links

Sewol кемесі капитаны 36 жылға сотталды


Суға батқан Sewol кемесінің капитаны Ли Джун Сокті сотқа әкеле жатыр. Оңтүстік Корея, 11 қараша 2014 жыл.
Суға батқан Sewol кемесінің капитаны Ли Джун Сокті сотқа әкеле жатыр. Оңтүстік Корея, 11 қараша 2014 жыл.

Оңтүстік Корея соты биыл сәуір айында суға батып, 300-ден астам адамның қазасына себеп болған Sewol кемесінің капитаны Ли Джун Сокті 36 жылға соттады.

Оңтүстік Кореялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кеменің бас механигі 30 жылға, ал кеме экипажының басқа 13 мүшесінің әрқайсысы 20 жылға сотталған. Капитан мен экипаждың басты бірнеше мүшесіне бұған дейін кісі өліміне қатысты айып тағылған. Экипаждың өзге 11 мүшесіне бұдан жеңілдеу айып тағылған.

Ли сотта кемені тастап кеткені үшін кешірім сұраған, бірақ ол өз әрекеті соншалықты көп адамның өліміне ұласатынын ойламағанын айтқан. Кемені тастап кеткені үшін қатаң сынға ұшыраған капитанның өлім жазасына кесілуі де мүмкін болатын.

Sewol жолаушылар паромы 16 сәуір күні Оңтүстік Корея жағалауына жақын маңда теңізге батқан. Апат салдарынан 292 адам қаза тауып, 10 адам хабарсыз кеткен. Паромда болған 470-тен аса адамның көпшілігі мектеп оқушылары еді.

XS
SM
MD
LG