Accessibility links

Варшавада тәртіпсіздіктер болды


Варшавадағы Польшаның тәуелсіздігіне арналған марштағы тәртіпсіздіктер. 11 қараша 2014 жыл.
Варшавадағы Польшаның тәуелсіздігіне арналған марштағы тәртіпсіздіктер. 11 қараша 2014 жыл.

Польшаның астанасы Варшава қаласында қарашаның 11-і күні наразылық акциясына қатысушылар мен полиция арасында қақтығыс болып, 220 адам ұсталған. Қақтығыс салдарынан полицияның 23 қызметкері жарақат алған.

Тәртіпсіздіктер Польша тәуелсіздігі күні құрметіне арналған мерекелік шаралар кезінде басталған. Беттеріне маска тағып алған адамдар полицияға тас, жанғыш заттар лақтырған. Полиция оларға су шашқан.

Тәртіпсіздік шығарғандар мұның алдында басқа да ондаған мың адаммен бірге әсіреұлтшыл топтар ұйымдастырған шеруге қатысқан.

Оның алдында Польшаның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тәуелсіздік алу құрметіне ел президенті Бронислав Комаровскидің басқаруымен ресми шаралар өткізілген еді.

XS
SM
MD
LG