Accessibility links

ЕО: Ресейге қарсы санкциялар күшінде қалады


Еуропа Одағының көршілік саясат және сыртқы кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан.

Еуропа Одағының көршілік саясат және сыртқы кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан.

Еуропа Одағының (ЕО) көршілік саясат және сыртқы кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан Азаттыққа ЕО Ресейге салған санкцияларын жеңілдетпейтінін мәлімдеді.

Оның сөзінше, ЕО Украина дағдарысын реттеу жөнінде Минскіде қыркүйектің 5-інде жасалған бейбіт келісімнен соң санкцияларды жеңілдету жайын талқылай бастаған. Бірақ, Украинаның оңтүстік-шығысындағы соңғы апталарда болып жатқан оқиғалар Брюссельді санкцияларды жұмсарту ниетінен қайтарған.

Хан ЕО-ның бірқатар елдері, керісінше, Ресейге санкцияларды қатаңдатуды талап етіп жатқанын айтады.

Йоханнес Хан жаңа жылға дейін Украинаға барғалы отырғанын және 2015 жылы ЕО-ның Украинаға донор болатын елдер конференциясын өткізетінін де айтты.

XS
SM
MD
LG