Accessibility links

Алматыда Талғат Бигелдиновпен қоштасып жатыр


Талғат Бигелдиновпен қоштасу рәсімі. Алматы, 12 қараша 2014 жыл.
Талғат Бигелдиновпен қоштасу рәсімі. Алматы, 12 қараша 2014 жыл.

Алматының 28-панфиловшылар паркіндегі Армия үйінде атақты ұшқыш, екі мәрте Совет одағының батыры атағын алған Талғат Бигелдиновпен қоштасып жатыр. Марқұм бүгін Кеңсайдағы зиратқа жерленеді.

Талғат Бигелдинов қарашаның 10-ы күні күндіз Алматыда 93 жасына қараған дүние салған. Соңғы жылдары денсаулық жағдайына байланысты көпшілік алдына көп шықпаған ардагер генерал биыл мамырдың 9-ында Жеңіс күні мерекесіне арналған шараларға да қатыспаған еді.

1922 жылы 5 тамызда дүниеге келген Талғат Бигелдинов 1940-42 жылдары Орынбор әскери авиация мектебін оқып, тәмәмдаған соң 1943 жылдан бастап екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан. Екі жыл ішінде 305 рет әскери ұшақпен әуеге көтеріліп, майданда көрсеткен ерлігі үшін екі мәрте Совет одағының батыры атағына ие болған.

XS
SM
MD
LG