Accessibility links

Мәжіліс Беларусь азаматтарының келу тәртібін мақұлдады


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет)

Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет)

Парламент мәжілісі бүгін Қазақстан мен Беларусь арасындағы азаматтардың екі елде болу тәртібі туралы заң жобасын мақұлдады.

2014 жылы қазанның 4-інде Астанада қол қойылған келісімде Қазақстан мен Беларусь азаматтарының екінші елдің территориясында 30 күн бойы құзырлы органдарға тіркелмей жүре беруіне мүмкіндік беру қарастырылған.

Қазақстан мен Беларусь азаматтарының екінші елде уақытша болу мерзімі олардың баратын елінің шекарасынан өткен күннен басталады. Шекарада оларға барған елдің шекаралық бақылау бекетінен өткенін растайтын карта беріледі.

Екінші елде болу мерзімі 30 күннен асқан жағдайда азамат сол елдің заңы бойынша құзырлы органдарға барып тіркелуге міндетті.

Қазақстан өткен айда Ресей азаматтарының елде болу тәртібі туралы дәл осындай заң қабылдаған. Заң жобасын мәжілісте таныстырған ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «Ресей мен Беларусь те осындай келісім жасасқанын» айтқан.

XS
SM
MD
LG