Accessibility links

Алматыда Заманбек Нұрқаділовті еске алды


Бүгін Алматыдағы Кеңсай зиратында қоғам өкілдері оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовті еске алды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Марқұмның зират басына жиналғандар құран бағыштап, гүл қойды. Жиналғандар алдында журналист Рысбек Сәрсенбай, әнші Нұрғали Нүсіпжанов және басқалар сөйлеп, саясаткер жайлы естеліктер айтты.

Кезінде Алматы қаласы мен облысының әкімі, төтенше жағдайлар министрі қызметтерінде істеген, өмірінің соңына қарай қазақ оппозициясы жетекшілерінің бірі болған Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы қарашаның 12-сі күні Алматыда өз үйінде өлі күйінде табылған еді. Оның кеуде тұсына екі, басына бір оқ тигені анықталған.

Заманбек Нұрқаділовтің жұмбақ қазасына қатысты жүргізілген ресми тергеу «ол өзін-өзі өлтірген» деген қорытынды жасаған. Бірақ Қазақстан оппозициясының кейбір өкілдері Нұрқаділовтің қазасын әлі күнге дейін шындығы ашылмай келе жатқан «саяси кісі өлтіру оқиғасы» деп санайды.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG