Accessibility links

Бигелдинов Момышұлының жанына жерленді


Талғат Бигелдиновті Кеңсай зиратын жерлеу кезі. Алматы, 12 қараша 2014 жыл.

Талғат Бигелдиновті Кеңсай зиратын жерлеу кезі. Алматы, 12 қараша 2014 жыл.

Қазақстандық ұшқыш, екінші дүниежүзілік соғыста екі мәрте Совет одағының батыры атағын алған Талғат Бигелдинов бүгін Алматы маңындағы Кеңсай зиратына жерленді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Марқұмның денесі екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының қабірінің жанына қойылды. Жерлеу әскери рәсіммен өткізілді.

Талғат Бигелдинов қарашаның 10-ы күні Алматыда 93-жасына қараған шағында дүниеден озған. Марқұммен қоштасу бүгін қаладағы 28-панфиловшылар паркіндегі Армия үйінде өткізілген. Қоштасуға қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов және Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының өкілдері қатысқан.

Талғат Бигелдинов екінші дүниежүзілік соғысқа 1943 жылы Орынбордағы әскери авиация училищесін бітіргеннен кейін аттанған. Ол соғыс кезінде әскери ұшақпен 305 рет әуеге көтеріліп, майданда ерлігімен көзге түскен.

XS
SM
MD
LG