Accessibility links

Шымкентте халықаралық жәрмеңке ашылды


«AgriTek Snymkent 2014» халықаралық ауылшаруашылық жәрмеңкесі. Шымкент, 12 қараша 2014 жыл.

«AgriTek Snymkent 2014» халықаралық ауылшаруашылық жәрмеңкесі. Шымкент, 12 қараша 2014 жыл.

Шымкент қаласында «AgriTek Snymkent 2014» халықаралық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, жәрмеңкеге Түркия, Ресей, Нидерланды, Ұлыбритания, Испания, Австрия сияқты шетел компанияларының ауыл шаруашылығы саласындағы техникалары мен жабдықтары шығарылған. Оларға қызығушылық танытқан жергілікті кәсіпкерлер осы өнімдерді әкелген компаниялармен келіссөздер өткізуге ниет танытып отыр.

Үш күнге жалғасатын жәрмеңкені Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «TNT Productions, Ins» компаниясы ұйымдастырған.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG