Accessibility links

Ғарыш аппараты тұңғыш рет кометаға қонды


67P кометасына қонып тұрған "Фила" аппаратының алдын ала жасалған суреті.

67P кометасына қонып тұрған "Фила" аппаратының алдын ала жасалған суреті.

Еуропа ғарыш агенттігінің хабарлауынша, тарихта алғаш рет ғарыш аппараты кометаның бетіне қонды.

Көлемі шамамен кіржуғыш мәшиненің көлеміндей, салмағы 100 килограмға жуықтайтын "Фила" аппараты "Розетта" зондынан ажырап, бірнеше сағаттан соң шаң мен мұздан тұратын 67P кометасының үстіне қонды. Агенттік аппараттан кометаға қонғаны туралы сигнал алған.

"Розетта" ғарышта 10 жылдай уақыт болып, кометамен қатарласу үшін 6,5 миллиард километр жүрді. "Фила" аппараты Күнге қарай қозғалып бара жатқан 67P кометасынан ақпарат жинайды.

XS
SM
MD
LG