Accessibility links

Иран пилотсыз басқарылатын құралын көрсетті


Иранның пилотсыз басқарылатын апараттарының бірі. (Көрнекі сурет).

Иранның пилотсыз басқарылатын апараттарының бірі. (Көрнекі сурет).

Иран мемлекеттік телеарнасы пилотсыз басқарылатын аппараттың сынақтан өткізілген видеосын көрсетті. Иран билігінің мәлімдеуінше, бұл құрал - 2011 жылы қолға түсірілген америкалық RQ-170 Sentinel аппаратының толық көшірмесі.

Ұзақтығы 30 секундтық видеода ұшбұрышты қанаттары бар қара түсті аппараттың ұшып жүріп белгісіз әуе базасына барып қонғаны көрсетіледі.

Иран әскери-әуе күштерінің қолбасшысы генерал Амир Али Хаджизаденің мәлімдеуінше, ирандық мамандар америкалық RQ-170 Sentinel аппаратын одан ары жетілдіре түскен. Ол келесі жылдың наурызына дейін Тегеран осындай аппараттың тағы үшеуін жасайтынын айтады.

Иран билігі 2011 жылы желтоқсан айында аппаратты жұмыс істеп тұрған күйінде қолға түсіргенін хабарлаған. Вашингтон пилотсыз аппарат техникалық ақаудан құлады деген.

XS
SM
MD
LG