Accessibility links

Алматыда Азия парламентарийлері форумы өтіп жатыр


Алматы қаласының картасы. (Көрнекі сурет)
Алматы қаласының картасы. (Көрнекі сурет)

Бүгін Алматыда Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумының Орталық Азия конференциясы басталды.

Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлайды.

Бұл ұйым парламенттік комитеттердің репродуктивті денсаулықты сақтау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, урбанизация, миграция, ВИЧ-пен күрес және гендерлік теңдік мәселелерімен жұмысын үйлестіреді.

Конференцияға Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхиты аймағының барлық елдерінен парламенттік делегациялар, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен әлемнің жетекші сарапшы-мамандары қатысып отыр.

XS
SM
MD
LG