Accessibility links

Совет диссиденті Валерий Сендеров қайтыс болды


Совет диссиденті, бұрынғы саяси тұтқын Валерий Сендеров.
Совет диссиденті, бұрынғы саяси тұтқын Валерий Сендеров.

Мәскеуде 70 жасында совет диссиденті, математик, педагог, публицист, құқық қорғаушы және бұрынғы саяси тұтқын Валерий Сендеров қайтыс болды.

Сендеров 1970 жылдардың соңынан бастап СССР-де Халық еңбекшілері одағы мен Адам құқықтарының халықаралық қоғамының жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Ол 1982 жылы тұтқындалып, "антисоветтік үгіт-насихат жүргізді" деген айыппен жеті жыл қатаң режимдегі колонияда отыруға және ары қарайғы бес жыл жер аударылу жазасына кесілген.

1987 жылы наурыз айында ол СССР-дегі басқа да саяси тұтқындармен бірге мерзімінен бұрын босатылады.

1988 жылы Валерий Сендеров диссидент Ростислав Евдокимовпен бірге Ресейдегі Халық еңбекшілері одағының барлық ұйымдарының жетекшісі болады.

Валерий Сендеров - "Вопросы философии", "Новый мир" журналдары, "Русская мысль" басылымы мен бірқатар жинақтарда жарияланған мақалалардың, математика мен функционалды талдау бойынша бірнеше жазбаның авторы.

XS
SM
MD
LG