Accessibility links

Медведев Батысты санкцияны жоюға шақырды


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев. Мьянма, 13 қараша 2014 жыл.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев. Мьянма, 13 қараша 2014 жыл.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев "Батыс Мәскеумен шиеленіскен қарым-қатынасын жұмсартқысы келсе, Украина дағдарысына байланысты салған санкцияларын алсын" деп мәлімдеді. Бұл жайында Медведев Мьянмада өтіп жатқан Шығыс Азия елдері ассоциациясы саммитінде айтты.

"Қалыпты, өнімді келіссөздерге оралу үшін тек санкцияларды жою керек, содан кейін ғана барлығы тұрақталады" деді Медведев.

Ол Мьянмада АҚШ президенті Барак Обамамен қысқа ғана сөйлесті, бірақ екеуі маңызды ешнәрсені талқыламады.

АҚШ пен Еуропа Одағы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғаны және Украинаның шығысындағы қақтығыстарға себепші болғаны үшін Ресейге санкциялар салған.

XS
SM
MD
LG