Accessibility links

Сирияда ИМ-нің 746 содыры мерт болған


Кобаниде соғысып жатқан содырлар. (Көрнекі сурет).

Кобаниде соғысып жатқан содырлар. (Көрнекі сурет).

Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, Сирияда содырларға қарсы әуе шабуылдарынан қыркүйек айынан бері экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымының кемінде 746 мүшесі қаза тапқан. Бұған қоса әуе шабуылдарынан "Әл-Қаида" ұйымымен байланысы бар "Ән-Нусра майданы" тобының 68 мүшесі мен 50 бейбіт тұрғын мерт болған.

АҚШ бастаған коалиция Сириядағы содырларға қарсы операциясын қыркүйектің 23-інде, АҚШ президенті Барак Обама "Ислам мемлекеті" ұйымын "толықтай жою" туралы жоспарын жариялағаннан екі апта өткен соң бастаған.

"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары биыл жаздан бері Ирак пен Сирияның көп бөлігін басып алып, жүздеген адамды қырған.

Халықаралық коалиция негізінен Сирияның солүстігіндегі Түркиямен шекаралас, күрдтер тұратын Кобани қаласына шабуылдап жатқан содырларға соққы берген.

XS
SM
MD
LG