Accessibility links

Украинада төңкеріске орай екі мереке белгіленді


Киевтегі наразылық акциялары. 21 қаңтар 2014 жыл.

Киевтегі наразылық акциялары. 21 қаңтар 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко жаңа екі ресми мерекені белгіледі. Енді Украинада қарашаның 21-і ар-намыс және еркіндік күні, қаңтардың 22-сі бірлік күні болады.

2013 жылы қарашаның 21-інде Украинаның биліктен тайдырылған президенті Виктор Янукович Киевтің Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоймайтынын және Ресеймен байланысты нығайтатынын мәлімдеген. Бұл елде тарихқа "Еуромайдан" деген атпен еніп, Янукович үкіметінің биліктен тайдырған наразылық акцияларының басталуына себеп болған. Порошенконың ресми сайтында қарашаның 21-і "қызғылт сары төңкеріске" де арналатыны айтылған.

2014 жылы қаңтардың 22-сінде Янукович билігіне қарсы наразылық танытушылардың алғашқысы полиция оғынан қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG