Accessibility links

ФИФА сарапшысы Ресей мен Катарға қатысты шешімге наразы


2018 жылы Мәскеуде өтетін футболдан әлем чемпионатының ресми постері. (Көрнекі сурет).

2018 жылы Мәскеуде өтетін футболдан әлем чемпионатының ресми постері. (Көрнекі сурет).

ФИФА тергеушісі Майкл Гарсиа халықаралық футбол федерациясының Ресей мен Катардың әлем чемпионатын өткізу құқығына қалай ие болғанын тергеу ісін тоқтату шешіміне шағымданатынын мәлімдеді.

Сарапшының айтуынша, ФИФА-ның этика мәселелері бойынша төрешісі Йоахим Эккерттің қарашаның 13-інде жариялаған есебінде өзінің екі жыл бойы жүргізген тергеуінің нәтижелері бұрмаланып, кейбір дәлелдер мен фактілер көрсетілмей қалған.

Эккерттің тұжырымы бойынша, тергеу барысында анықталған кез-келген заң бұзушылық ФИФА-ның 2010 жылғы желтоқсанда өткізілген дауыс беру барысына әсер етпеген. Ресей ол дауыс беру нәтижесінде футболдан 2018 жылғы, Катар 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алған.

АҚШ-тың бұрынғы федералдық прокуроры Майкл Гарсиаға Ресей мен Катар чемпионат өткізу құқығын коррупциялық жолмен жеңіп алуы мүмкін деген ақпаратты тексеру тапсырылған.

XS
SM
MD
LG