Accessibility links

АҚШ: Иракқа 80 мың әскер қажет


"Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына қарсы ұрыста жүрген Ирак әскерилері. Дияла провинциясы, 12 қараша 2014 жыл.

"Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына қарсы ұрыста жүрген Ирак әскерилері. Дияла провинциясы, 12 қараша 2014 жыл.

АҚШ армиясы қолбасшыларының бірі, генерал Мартин Демпсидің айтуынша, экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларының Иракта басып алған территорияларын қайтарып, Сириямен шекарасын қайта қалпына келтіру үшін Иракқа 80 мың әскер қажет.

АҚШ Конгресінде сөйлеген Демпси "Басып алынған жерлер мен Мосул қаласын қайтарып алу үшін бізге ирактық білікті деген 80 мыңға тарта әскер қажет" деді. Ол АҚШ ұрыс қимылдары ұлғайып жатқан жағдайда Иракқа саны аз америкалық континтингент ирак әскеріне көмекке жіберу жайын қарастыратынын айтты.

АҚШ президенті Барак Обама бұған дейін Иракқа америкалық әскери кеңесшілер мен инструкторларды жөнелтуге рұқсат берген. Қазір Иракта Американың 1400-ге жуық әскери қызметкері бар.

XS
SM
MD
LG