Accessibility links

"Рысқалиев тобына" сот үкімі шыға бастады


Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев.
Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев.

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев құрды делінген «қылмыстық топ» бойынша сот үкімін жариялана бастады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

ҚазТАГ мәліметіне қарағанда, судья Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Дәукеновті - 15 жылға, Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімовті - 3 жылға, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Әбдіровті 12 жылға соттаған.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 9-да жарияланады деп хабарланған сот үкімі сағат 10-нан оқыла бастады. Әуелде журналистер үкім оқылатын залға кіргізілмей, кіруге кейіндеу рұқсат етілді.

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтардың 23-і күні қарауды бастаған «Рысқалиев тобына» қатысты іс бойынша 22 адамға айып тағылған.

Бұған дейін Қазақстан қаржы полициясы «Рысқалиев пен ол ұйымдастырған топ өкілдері жасаған ауыр және аса ауыр коррупциялық, экономикалық қылмыстардан мемлекетке 71 миллиард теңгеден астам зардап келгенін» хабарлаған еді.

Қаржы полициясы қылмыстық топ мүшелері ретінде айып тағылған 22 адамға қатысты қылмыстық іс бір бөлек, Бергей Рысқалиев пен оның інісі Аманжан Рысқали және олардың тағы 9 серігіне қатысты қылмыстық іс жеке қаралады деп мәлімдеген.

Ағайынды Рысқалиевтерге қатысты соттың қашан өтетіні әлі белгісіз.

XS
SM
MD
LG