Accessibility links

Жағажайдағы Азиада: Қазақстан самбо құрамасы алтын алды


Қазақстан самбо құрамасы. Пхукет, 13 қараша 2014 жыл. (Сурет жарыстың ресми сайтынан алынды)
Қазақстан самбо құрамасы. Пхукет, 13 қараша 2014 жыл. (Сурет жарыстың ресми сайтынан алынды)

Пхукетте (Таиланд) өтіп жатқан жағажайдағы 4-Азия ойындарында Қазақстан самбо құрамасы алтын медаль алды.

Командалық кездесуде Қазақстан самбошылары (командада үш әйел, үш еркек болады - ред.) алдымен Ирак пен Қырғызстан құрамаларын ұтқан. Ал жартылай финалда Өзбекстанды ұтып, финалда Түркменстан командасынан басым түсті.

Қазақстан самбо командасына Ержан Қабделов, Шыңғыс Шоқпытов, Бағдар Жарылқасов, Зере Бектасқызы, Фарида Досымбекова, Лейла Қонысбаева мүше.

Осыған дейін Қазақстан самбошылары жекелей жарыста екі күміс, бір қола иеленген.

Қазақстан жалпы есепте бір алтын, екі күміс, бір қоламен 7-орында тұр. 1-орында алты алтын, екі қоламен Моңғолия ұлттық құрамасы келеді.

Жағажайдағы Азия ойындары қарашаның 23-і күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG