Accessibility links

Brent маркалы мұнай 77 долларға дейін арзандады


Калифорниядағы мұнай бұрғыларының бірі, АҚШ. (Көрнекі сурет).
Калифорниядағы мұнай бұрғыларының бірі, АҚШ. (Көрнекі сурет).

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 77,54 АҚШ долларына дейін арзандады. Қыркүйек айынан бері Brent маркалы мұнай мұндай бағаға арзандамаған.

Мұнай бағасы "ОПЕК елдері бағаның қазіргідей құлдырауымен күреспейді және экспорт көлемін азайтпайтындықтан нарықтағы ұсыныстың көптігі әлі біраз уақыт сақталады" деген болжамдар жасалғанда түсіп отыр.

Мексиканың Акапулько қаласында өткен конференцияда Сауд Арабиясының мұнай министрі Әли әл-Наими "баға соғысына" қатысты барлық долбарларды жоққа шығарған соң бір баррелі 80 АҚШ доллары болып тұрған мұнай бағасы төмендей бастады.

Қазақстан үкіметі биыл қазан айында әлемдік нарықта мұнай бағасының арзандауына байланысты ел экономикасының дамуына қатысты болжамдарын қайта қараған. Қазақстан үкіметі 2015 жылы мұнайдың орташа бағамын 90 АҚШ долларынан 80 доллар болуы мүмкін деп белгілеп, 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына да бірқатар өзгерістер енгізген.

XS
SM
MD
LG