Accessibility links

Жасұлан Қыдырбаев әлем чемпионы атанды


Қазақстандық ауыр атлет Жасұлан Қыдырбаев. Алматы, 14 қараша 2014 жыл.

Қазақстандық ауыр атлет Жасұлан Қыдырбаев. Алматы, 14 қараша 2014 жыл.

Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 94 килограмм салмақ дәрежесінде қазақстандық атлет Жасұлан Қыдырбаев чемпион атанды. Ол қоссайыс бойынша 408 килограмм (179+229) көтерді.

Күміс медальді 407 килограмды көтерген тағы бір қазақстандық Владимир Седов иеленді. Қола жүлдені 399 килограмм көтерген литвалық Ауримас Дижвалис алды.

Бұған дейін бұл жарыста Қазақстан спортшылары Зүлфия Чиншанло - алтын, Жәзира Жаппарқұл күміс жүлде алған еді.

8 қарашада басталған әлем чемпионаты 16 қарашада аяқталады.

XS
SM
MD
LG