Accessibility links

Украинаның шығысында он адам мерт болған


Сепаратистер бақылауындағы аймақтан Донецкіге қарай кетіп бара жатқан әскери техникалар. 10 қараша 2014 жыл.
Сепаратистер бақылауындағы аймақтан Донецкіге қарай кетіп бара жатқан әскери техникалар. 10 қараша 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы сепаратистермен ұрыстар болып жатқан аймақта жұма күні 7 укариналық сарбаз және 3 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы бес сарбаз жараланған.

Арнайы операциялар баспасөз орталығының жетекшісі Владислав Селезнёв «112 Украина» телеарнасына жұма күні украиналық әскерилер позициясы 50-ден астам рет әртүрлі қару түрлерінен атқыланғаны туралы айтқан.

14 қараша күні Украина үкіметі Киевтің бақылауынан тыс қалып отырған елдімекендер тізімін бекіткен. УНИАН агенттігінің хабарлауынша, ол тізімде Донецк, Горловка, Енакиево, Макеевка, Харцызск, Луганск, Алчевск, Антрацит, Красный Луч, Ровеньки, Свердловск, Стаханов, Первомайск елдімекендері аталған.

Жұма күні күштік құрылымдар жетекшілерімен кеңесте сөз сөйлеген Украина президенті Пётр Порошенко: «Біз Донецк мен Луганск облыстарының жекелеген аудандарына қатысты мәселелерді тек қана саяси, бейбіт жолмен шешуді құп көреміз. Бірақ бүгінгі күні мемлекетті қорғауға күшіміз бен қаржымыз да бар» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG