Accessibility links

Сербиялық магнатқа қастандық жасалды


Милан Бэкоға қастандық жасалған жерде тұрған полиция өкілдері. Белград, 14 қараша 2014 жыл.

Милан Бэкоға қастандық жасалған жерде тұрған полиция өкілдері. Белград, 14 қараша 2014 жыл.

Сербия астанасында жұма күні танымал бизнесмен Милан Бэкоға қастандық жасалды. Денесіне оқ тиіп, ауыр жараланған оған ауруханада операция жасалған. Дәрігерлер оның хал-жағдайын «тұрақты ауыр» күйде деп отыр.

Полицияның ақпараты бойынша, 53 жастағы Милан Бэкоға үйінің жанында үш рет оқ атқан. Бұл қылмысқа қатысты екі күдікті іздестіріліп жатыр. Белград пен қала маңындағы барлық жолдар бақылауға алынған.

1990 жылдардың алғашқы жартысында, Югославияда соғыс оты лаулап, елге қарсы халықаралық санкциялар салынған кезде, бизнес пен саясатты қатар жүргізген Милан Бэко бұрынғы президент Слободан Милошевичтің кезінде де, ол биліктен тайдырылған соң да өз дәулетін еселеп, тасы өрге домалаған тұлға ретінде танымал.

XS
SM
MD
LG