Accessibility links

Кометадағы «Фила» модулімен байланыс үзіліп қалған


Сенбі күні Еуропа ғарыш агенттігі осы аптада 67P кометасының үстіне қонған «Фила» аппаратымен байланыс үзіліп қалғанын хабарлады.

Бұған дейін мамандар батереясындағы қуаттың кемуіне байланысты модульдегі барлық электронды жүйелер «ұйқы режиміне» көшкенін байқаған. Байланыстан ажыратылар алдында ғарыш аппараты өзі жинаған барлық ғылыми деректерді Жерге хабарлап үлгерген.

Осы аптада адамзат тарихында тұңғыш рет кометаға қонған «Фила» модулі аспан денесінің көлеңке жағына түскендіктен, ондағы Күн сәулесінен қуат алатын панелдер қорексіз қалған.

2004 жылы ғарышқа ұшырылған «Розетта» зонды Юпитер планетасы орбитасы маңындағы кометамен қатарласу үшін 10 жылдай уақыт ішінде 6,5 миллиард километр қашықтықты ұшып өткен.

XS
SM
MD
LG