Accessibility links

Синайдағы терактіні радикалдық топ мойнына алды


Египет президенті Абдель Фатах әл-Сиси (ортада) жоғары шенді армия басшыларымен бірге тұр.

Египет президенті Абдель Фатах әл-Сиси (ортада) жоғары шенді армия басшыларымен бірге тұр.

Египеттегі «Ансар Бейт әл-Макдис» радикалдық тобы өткен айда Синай түбегінде 30 әскери қызметкердің өмірін қиған террорлық шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алды.

Бұл туралы аталғап топ атынан видеотаспаға жазылып таратылған үндеуде айтылған. Осы топ бұған дейін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын қолдайтынын мәлімдеген еді. «Ансар Бейт әл-Макдис» тобы Синайдағы жанкешті жасаған терактіні «Мұсылман бауырлар» қозғалысының өкілі Мұхаммед Мурси биліктен кетірілген соң исламшыларды қуғынға салғаны үшін биліктен кек қайтару деп мәлімдеген.

Египетте 2013 жылы шілде айында әскерилер Мурсиді мәжбүрлі түрде биліктен кетірілгелі бері «Ансар Бейт әл-Макдис» тобы мүшелері ұйымдастырған шабуылдардан ондаған әскери және полиция қызметкерлері қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG