Accessibility links

Илья Ильин төрт дүркін әлем чемпионы атанды


Илья Ильиннің (ортада) ауыр атлетикадан төртінші мәрте әлем чемпионы атанып тұғырда тұрған сәті. Алматы. 15 қараша, 2014 жыл.
Илья Ильиннің (ортада) ауыр атлетикадан төртінші мәрте әлем чемпионы атанып тұғырда тұрған сәті. Алматы. 15 қараша, 2014 жыл.

Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Илья Ильин 105 килограмда алтын алды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Осы жеңісі арқылы Илья Ильин төрт дүркін әлем чемпионы атанды.

Илья Ильин көтеру жаттығуында алдымен 183 килограмды еш қиындықсыз көтерді. Ал келесі мүмкіндігінде 187 және 190 килограмды еңсерді. Ильиннің осы көрсеткішпен жұлқа көтеруде үшінші нәтиже көрсетті. Бұл жаттығуда 2013 жылғы әлем чемпионы өзбек Руслан Нуриддинов бірінші нәтиже көрсетті - 193 килограмм. Екінші нәтижені биылғы Азия ойындарының чемпионы қытайлық Янг Жетің еншісінде - 191 килограмм.

Серпе көтеруде негізгі бәсеке Илья Ильин мен өзбекстандық Руслан Нуриддинов арасында өрбіді. Нуриддинов алғашқы мүмкіндігінде 220 килограмды алған. Ал Ильин 233 килограмды еңсерді. Екінші тапсырыста өзбекстандық 230 килограмды да көтерді. Ильин болса 239 килограмдық зілтемірді түсіріп алды. Нуриддинов үшінші мүмкіндігінде 239 килограмды да көтеріп, қоссайыс бойынша 432 килограммен бірінші орынға шыққан. Ал Ильин оны озып, чемпион болу үшін үшінші мүмкіндігінде 242 килограмды алу керек еді. Екінші мүмкіндігінде 239 килограмды ала алмаса да ол үшіншіде 242 килограмды көтеріп, қоссайыс бойынша 432 килограммен әлем чемпионы атанды.

XS
SM
MD
LG