Accessibility links

Порошенко Донбасс туралы жарлыққа қол қойды


Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 4 қараша 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 4 қараша 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚҚК) Луганск және Донецк облыстарындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру шаралары жайлы шешімін күшіне енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

ҰҚҚК 4 қараша күні қабылдаған шешім Украинада жақында қабылданған «Луганск және Донецк облыстарының жекелеген аудандарында жергілікті өзін өзі басқарудың ерекше тәртібі туралы» заңның күшін жоюды көздейді. Бұған дейін Киев Донецк және Луганск аймақтарында өзін-өзі жариялаған «халық республикаларын» заңсыз сайлау өткізуіне қарсылық білдіріп, ол аймақтарда ерекше сайлау тәртібін белгілейтін әлгіндей заң ұсынған еді. Бірақ, сепаратистер 2 қараша күні өз бақылауындағы аймақтарда «сайлау» өткізген.

Президент Порошенко қол қойған жарлықта сепаратистер өткізген заңсыз «сайлау» негізінде құрылған барлық органдар Украина конституциясы мен заңдарына қайшы екендігі айтылған. Үкіметке шұғыл түрде Донецк және Луганск облыстарына гуманитарлық жәрдем көрсету жүктелген. Оларға жөнелтілетін жүктер мен бұйым-заттарда Украинаның мемлекеттік символикасы болуы тиіс екендігі айтылған.

Президент жарлығы енді Жоғарғы Радада қаралады.

XS
SM
MD
LG