Accessibility links

«Үлкен жиырмалық» саммиті аяқталды


«Үлкен жиырмалық» тобы саммитіне қатысушылар. Брисбен, Австрали, 15 қараша 2014 жыл.
«Үлкен жиырмалық» тобы саммитіне қатысушылар. Брисбен, Австрали, 15 қараша 2014 жыл.

Австралиядағы Брисбен қаласында әлемдегі дамыған және дамушы 20 елдің (G-20) саммиті жексенбі күні аяқталды. Екі күнге жалғасқан жиын соңында оған қатысушы елдердің жетекшілері әлемдік экономика көлемін ұлғайту үшін бірлескен шаралар қабылдайтындары туралы мәлімдеді.

Биылғы саммиттің төрағасы, Австралия премьер-министрі Тони Эббот жария еткен қорытынды құжатта инфрақұрылымдық жобалар мен сауда-саттық саласына инвестиция салу туралы айтылған.

Ұсынылып отырған шаралардың қатарында әйелдер үшін 100 миллион жұмыс орындарын ашу және ерлер мен әйелдер арасындағы алшақтықты азайту мақсаты да бар.

Бұл жолғы саммит Украина дағдарысындағы роліне байланысты Ресей халықаралық қауымдастықтың сынына қалған кезбен тұспа тұс келді.

XS
SM
MD
LG