Accessibility links

АҚШ билігі азаматының ИМ қолынан қаза тапқанын растады


АҚШ азаматы, гуманитарлық миссия қызметкері Питер Кассиг.

АҚШ азаматы, гуманитарлық миссия қызметкері Питер Кассиг.

АҚШ үкіметі гуманитарлық миссия қызметкері, Абдул-Рахман Кассиг деген атпен танымал 26 жастағы АҚШ азаматы Питер Кассигтің «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы содырларының қолынан қаза тапқанын растады.

Бұған дейін «Ислам мемлекеті» тобы америкалық азаматтың басы алынғаны бейнеленген видео таратқан еді.

АҚШ президенті Барак Обама Кассигтің жанұясына көңіл айтты.

Сирияда соғыстан зардап шеккендерге медициналық жәрдем көрсетіп жүрген Кассигті былтыр экстремистер ұрлап әкеткен еді.

XS
SM
MD
LG