Accessibility links

Алматыда жарылыс болғаны хабарланды


Алматы қаласының жоғарыдан көрінісі.
Алматы қаласының жоғарыдан көрінісі.

Бүгін таңертең Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Полежаев көшесінің қиылысындағы ғимараттардың бірінде жарылыс болғаны туралы ақпарат тарады. Қазір оқиға орны қоршалып, эвакуация жасалып жатыр.

Алматы қалалық полициясы баспасөз қызметі оқиға орнында дәрігерлер мен құқық органдары қызметкерлері жұмыс жасап жатқанын хабарлады.

– Әзірше ресми ақпарат жоқ. Оқиға орнында мамандар, құқық қорғау органдары, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Кейін ресми ақпарат беретін боламыз, - деді ІІД баспасөз қызметінің өкілі Евгений Лысенко Азаттық тілшісіне.

Алдын-ала ақпарат бойынша, жарылыс 17 қараша күні шамамен таңертеңгі 9-да болған. Жарылыс болған мекеме Алматыдағы 3-кәсіптік лицей болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. Алдын-ала мәліметке сәйкес, жарылыстан зардап шеккен адамдар бар, бірақ әзірге олардың нақты саны белгісіз.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG