Accessibility links

Калачиде тағы сегіз адам «ұйқы дертіне» шалдыққан


Калачи ауылы маңындағы бұрынғы уран кеніші орны. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл.
Калачи ауылы маңындағы бұрынғы уран кеніші орны. Ақмола облысы, 7 қыркүйек 2014 жыл.

Ақмола облысы Есіл ауданындағы Калачи ауылының сегіз тұрғыны «ұйқы дерті» белгісімен ауруханаға түсті деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, қарашаның 14-і мен 16-сы күндері сегіз адам, оның ішінде екі бала бар, аудандық ауруханаға жатқызылған. Оларға «себебі белгісіз энцефалопатия» деген диагноз қойылған.

Калачи ауылында «ұйқы дертінің» алғашқы белгілері 2013 жылдың наурызында байқала бастаған. Тұрғындардың көпшілігі бастары айналып, ұйқы баса беретініне шағымданған. Бірнеше күннен соң белгісіз ауру белгілері жоғалып, шағымданушылар өздерін қалыпты сезіне бастаған.

2013 жылдың наурызынан бері елуден аса адам өздерінен «ұйқы ауруы» белгілері байқалғанын айтып, шағым жасаған.

XS
SM
MD
LG