Accessibility links

Бішкекте Соростың келуіне қарсы акция өтті


Америкалық қаржыгер әрі филантроп Джордж Сорос.

Америкалық қаржыгер әрі филантроп Джордж Сорос.

Бішкекте бүгін АҚШ елшілігі алдына жиналған «Русский мир» қоғамының белсенділері америкалық қаржыгер әрі филантроп Джордж Соростың Қырғызстанға келуіне қарсылық білдіріп, акция өткізді.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, шараға қолдарына «АҚШ, Қырғызстаннан қолыңды тарт!» деген жазу ұстаған 50-ге жуық адам қатысқан. Наразылар Соростың Қырғызстанға келуі елдің егемендігіне «нұқсан келтіретінін» айтып, оны «түрлі-түсті революциялардың демеушісі» деп айыптаған.

Қырғызстанға бүгін барған Джордж Сорос Бішкектегі Орталық Азиядағы Америка университетінің басшылығымен және студенттерімен кездеспек. Сорос бұған қоса билік өкілдерімен де жолығады деп хабарланды. Бірақ оның нақты кіммен кездесетіні белгісіз.

Джордж Соростың «Ашық қоғам институты» қоры әлемнің ондаған елінде азаматтық қоғам қалыптастыру, демократия орнату мақсатында жұмыс істейді. Соңғы жиырма жылда бұл қор арқылы Қырғызстанға 79 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек берілген.

XS
SM
MD
LG