Accessibility links

ЕО санкция салатын сепаратистер санын өсірмек


Украинаның Донецк облысындағы сепаратистер мен олардың жетекшілері Александр Захарченко (ортада). Донецк, 14 қараша 2014 жыл.
Украинаның Донецк облысындағы сепаратистер мен олардың жетекшілері Александр Захарченко (ортада). Донецк, 14 қараша 2014 жыл.

Брюссельде Еуропа Одағына (ЕО) мүше елдер сыртқы істер министрлері ЕО басшыларына Украинадағы санкция салынатын сепаратистер тізімін ұлғайтуға қатысты ұсыныстарын көрсетуді сұрады. Еуропалық дипломаттардың хабарлауынша, ЕО санкциясы салынатын адамдардың санын көбейту туралы шешім осы айдың аяғында даяр болып қалуы тіиіс.

ЕО санкция салынатындар тізімін ұлғайту арқылы Украинаның шығысында қарашаның 2-сінде ресейшіл сепаратистер ұйымдастырған сайлауларды мойындамайтынын көрсетпек.

Бірақ Reuters агенттігінің хабарлауынша, Брюссельде өткен кездесуде министрлер Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды күшейтетін ешқандай шара қабылдамаған.

Бұған дейін Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин ЕО-ның сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі комиссары Федерика Могеринимен кездесуінде Ресейге қарсы шектеу шараларын күшейтуге шақырған.

Климкиннің сөзінше, санкцияларды күшейту ЕО-ың Ресейдің Украинаға қарсы саясатына "байыпты жауап беретініне" дәлел бола алатын еді.

XS
SM
MD
LG