Accessibility links

Чехияда президент Милош Земанға наразылық білдірді


Наразылық акциясына қатысушылар президент Милош Земанға тыйым салуды білдіретін қызыл карточка көрсетіп тұр. Прага, 17 қараша 2014 жыл.

Наразылық акциясына қатысушылар президент Милош Земанға тыйым салуды білдіретін қызыл карточка көрсетіп тұр. Прага, 17 қараша 2014 жыл.

17 қараша күні Прагада бұрынғы Чехословакиядағы социалистік режимді жойған "Мақпал төңкерісінің" 25 жылдығына арналған шарада сөйлемек болған Чехия президенті Милош Земанды көпшілік ысқырып, алма мен жұмыртқа лақтырып, сөзін айтқызбай тастады.

Чехия тұрғындарының көбі оны ресейшіл деп біледі. Одан бөлек, Чехия азаматтары Земанды "көпшілік алдында үнемі оғаш сөйлейді" деп айыптайды.

Жұрт лақтырған жұмыртқалардың бірі Венгрия, Польша және Словакия басшыларымен қатар тұрған Германия президенті Йоахим Гаукке тиді. Гаук бір сәтке тіксініп қалғанымен, шараға ары қарай да қатыса берген.

Наразылық акциясына қатысқандардың кейбірі "Земанның ресейшіл позициясы акцияға шығып, осылай қарсылық білдіруге мәжбүрлегенін" айтады.

Бұған дейін Чехия президенті ресейлік телеарналардың біріне сұхбат беріп, "Украинада әдеттегі азаматтық соғыс жүріп жатыр" деп мәлімдеген. Ол батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларын "екі жақ та ұтылатын стратегия" деп атаған.

XS
SM
MD
LG