Accessibility links

Алматыдағы жарылысқа қатысты оқытушы қамалды


Алматыдағы жарылыс болғаннан кейінгі сән және дизайн колледжінің маңы. 17 қараша 2014 жыл.

Алматыдағы жарылыс болғаннан кейінгі сән және дизайн колледжінің маңы. 17 қараша 2014 жыл.

Алматыдағы граната жарылған сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы уақытша ұстау абақтысына қамалды деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

"1967 жылы туған оқытушы қылмыстық кодекстің 132-бабы бойынша уақытша ұстау абақтысына қамалды. Одан процессуалдық тәртіпте жауап алынады. Тергеу барысында оқ-дәрінің қайдан алынғаны және оның кімдікі екені анықталады" дейді ІІД.

Қарашаның 17-сі күні таңертеңгі сағат 9-дың шамасында Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Полежаев көшесінің қиылысындағы сән және дизайн колледжінде алғашқы әскери дайындық сабағы кезінде граната жарылып, бір адам қаза тапқан. Жарылыстан 12 адам зардап шегіп, оның бесеуі ауыр халде ауруханада жатыр.

Алматы полициясының хабарлауынша, коллеждегі жарылысқа байланысты «Байқаусыз өлімге себеп болу» және «Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе ұстап жүру» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG