Accessibility links

2013 жылы әлемде теракті саны екі есеге жуық өскен


Бағдад маңында болған терактілердің бірінен кейінгі көрініс. Ирак, шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Бағдад маңында болған терактілердің бірінен кейінгі көрініс. Ирак, шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

2013 жылы әлемде 10 мыңға жуық теракті жасалды және ол 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 44 пайызға көп деп хабарлады Лондон экономика және бейбітшілік институты өзінің "Ғаламдық терроризм индексі" атты есебінде.

Зерттеу авторларының мәліметінше, 2013 жылы әлемде терактілер салдарынан 18 мыңнан астам адам мерт болған. Бір ғана Ирактың өзінде террористер қолынан алты мыңнан астам адам құрбан болған. Бұл елде 2013 жылы террористік шабуылдар ең көп болған.

Ирактан кейінгі теракті ең көп болған алғашқы бес ел тізіміне Ауғанстан, Пәкістан, Нигерия және Сирия кірген.

Институт әлемдегі терактілердің көпшілігін экстремистік төрт ұйым - "Ислам мемлекеті" ұйымы, "Әл-Қаида" ұйымы, "Боко-Харам" тобы мен Ауғанстандағы Талибан қозғалысы мойнына алғанын айтады. Бұл төрт ұйым содырларының қолынан 2013 жылғы теракті құрбандарының 66 пайызы қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG