Accessibility links

Франция: ИМ содырлары арасынан бір французды таныдық


Франция ішкі істер министрі Бернар Казневтың мәлімдеуінше, америкалық гуманитарлық миссия қызметкері мен сириялық сарбаздардың өлтірілгені бейнеленген видеодағы содырлардың бірі француз азаматы болуы әбден мүмкін. Министрдің сөзінше, видеодағы содыр Нормандиядан шыққан 22 жастағы Максим Ошар болуы мүмкін.

Қарашаның 16-сында жарияланған видеороликте содырлар америкалық гуманитарлық миссия қызметкері Питер Кассиг пен Сирия армиясының сарбаздары деп аталған 18 адамның басы алынғанын көрсеткен. Министрдің айтуына қарағанда, сарапшылар видеоны тексеріп, 212 жылы Мавританияда болып, 2013 жылы Сирияға аттанған Ошарға қатысты тексеру жүргізуде.

Сирия мен Ирактағы экстремистерге қосылған шетелдік "жиһадшылардың" ішіндегі ең көбін Франция азаматтары құрайды. Париж прокуратурасының ақпараты бойынша, қазір 1100 адам бақылауда жүр. 95 адамға айып тағылған.

XS
SM
MD
LG