Accessibility links

Әкімдікке смайлик жапсырған 2 адамды сотқа шақырды


Алматы қалалық әкімдігі ғимараты.

Алматы қалалық әкімдігі ғимараты.

18 қараша күні қала әкімі Ахметжан Есімовтың суретіне бейәдеп сөз жазылған смайликті әкімдік ғимаратына жапсырған екі адамды сотқа шақырды. Сотқа шақырылған есімін Жанна деп таныстырған адамның айтуынша, оларды бейәдеп сөзі бар смайлик жапсырғаны үшін 330-шы бап яғни, «ұсақ бұзақылық» бойынша сотқа тартпақшы.

Олар кеше қала әкімдігі ғимаратына осындай смайлик жапсыруға барған.

- Смайликтің радиусы шамамен 3 см. Сол үшін енді бізді сотқа тартайын деп жатыр, - деді Жанна Азаттық тілшісіне.

Бұл жайтты Жаннамен қоса әкімшілік жазаға тартылайын деп отырған Маргарита Фазлеева-Белобаба да растайды. Сегіз баланың анасы 15 жыл бойы баспана сұрап, әртүрлі органдарға шағымданғанмен ешқандай көмек болмағанын айтады. Алматы қалалық әкімдігіне 40 шақты өтініш жазыпты.

- Біз қала әкімінің қабылдауына жазылуға келген болатынбыз. Оған жазылу мүмкін емес, ол ешқашан қабылдамайды, - дейді ол.

Әзірге Алматы қалалық әкімдігінен жауап алу мүмкін болмады.

Қазақстан заңында "ұсақ бұзақылық жасағаны" үшін 3-10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе 10 күнге дейін қамау жазасы қарастырылған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG