Accessibility links

Қазақстан ресейлік бірнеше алкоголь өніміне тыйым салды


Дүкен сөрелеріндегі арақ-шарап өнімдері. (Көрнекі сурет).

Дүкен сөрелеріндегі арақ-шарап өнімдері. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда "тағамдық қауіпсіздік талаптарына сай келмеуіне" байланысты Ресейде өндірілген бірқатар алкогольді өнімдерді сатуға тыйым салынды деп хабарлайды бүгін ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитеті.

"Азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына сай келмегендіктен Қазақстан аумағында Ресейдің "Талка", "Империя", "Дикий гусь", "Зеленая марка "Ржаная", "Русский гарант качества", "Рублевка", "Посольская" маркалы арақтарын сатуға тыйым салынды" делінген комитеттің ресми сайтында.

Бұған қоса, Қазақстанда Miller Genuine Draft, Hoegaarden White, Grolsch Premium Lager, Brahma, Pilsner Urguell және "Жигули" деген атаумен шығатын сыраларды сатуға да тыйым салынды.

XS
SM
MD
LG