Accessibility links

Кабулде шабуылдан 4 адам мерт болды


Жарылыс орнында жүрген әскер. Кабул. 18 қараша, 2014 жыл.
Жарылыс орнында жүрген әскер. Кабул. 18 қараша, 2014 жыл.

Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулде жанкешті жарылыс жасап, төрт адам қаза тапты.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Седик Седиқидің айтуынша, жарылыс бүгін таңертең қаланың шығыс бөлігінде халықаралық коалиция күштері базасына кіреберісте болған Жарылғыш зат тиеген шағын жүк көлігі базаның кіреберіс қақпасына келіп соқытығысып, базаның екі күзетшісі қаза тапқан. Жарылыстан соң бірнеше қарулы адам ашық қалған қақпадан базаға тап беріп, кірмек болған. Шабуылдан соң оқиға орнында шабуыл жасаушы екі адамның мәйіті табылған.

Ауғанстан бірінші вице-президенті Абдул Рашид Достум шабуылдан Ауған армиясының жедел әрекет ету күштерімен бірге оқиға орнына барды.

Шабуылға жауапкершілікті Талибан ұйымы мойнына алды.

XS
SM
MD
LG