Accessibility links

Ресей: Шешенстанда күдікті 4 содырдың көзі жойылды


Шешенстан картасы. (Көрнекі сурет).

Шешенстан картасы. (Көрнекі сурет).

Ресей билігі Шешенстанда атыста күдікті төрт содырдың көзі жойылып, екі полицей жараланғанын хабарлады.

Құқық қорғау орындарының дерегінше, атыс полиция қарашаның 17-сі күні кешке Шешенстанның Серноводская селосы маңында бір топ қарулы адамды қоршауға алған соң басталған.

Полиция оқиға орнынан үш винтовка, бомба жасайтын заттар мен танкіге қарсы қолданылатын қолдан жасалған атыс құралдарын тапқан.

Ресей соңғы жиырма жылдағы екі соғыста Шешенстанның сепаратистік билігінің көзін жойған соң мұнда үкімет күштері мен содырлар арасында әскери қимылдар жалғасып отыр.

XS
SM
MD
LG