Accessibility links

Әскери дайындықтың практикалық сабағы тоқтатылды


Алматыдағы жарылыс болғаннан кейінгі сән және дизайн колледжінің маңы. 17 қараша 2014 жыл.

Алматыдағы жарылыс болғаннан кейінгі сән және дизайн колледжінің маңы. 17 қараша 2014 жыл.

Алматыдағы колледждердің біріндегі граната жарылған оқиғадан кейін білім және ғылым министрлігі мектептерде алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәнінде әзірге практикалық сабақтарды өткізуді тоқтата тұруды тапсырды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтің парламентте журналистерге айтуынша, министрлік барлық облыстардағы орта білім беру орындарына АӘД пәнін әзірге тек теория жүзінде, көрнекі құралдарды пайдаланбай өткізуді тапсырған. Бірақ ол қазір алғашқы әскери дайындық пәнін алып тастау жайы жоспарда жоқ екенін айтқан.

Қарашаның 17-сі күні таңертеңгі сағат 9-дың шамасында Алматыдағы Райымбек даңғылы мен Полежаев көшесінің қиылысындағы сән және дизайн колледжінде алғашқы әскери дайындық сабағы кезінде граната жарылып, бір адам қаза тапқан. Жарылыстан 12 адам зардап шегіп, оның бесеуі ауыр халде ауруханада жатыр.

Алматы полициясының хабарлауынша, коллеждегі жарылысқа байланысты «Байқаусыз өлімге себеп болу» және «Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе ұстап жүру» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG